Атыраулық Мәншүк Мұқашева «Үздік ғылыми қызметкер» атанды!

Қуанышты жаңалықты жергілікті университеттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық Еуразия телевидение және радио академиясының академигі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Мәншүк МҰҚАШЕВА ғылым және білім беру мекемелері арасында ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін ”Бөбек” Жалпы ұлттық қозғалысы» ассоциациясының Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы «Үздік ғылыми қызметкер - 2023» медалімен марапатталды. Мәншүк Тынышқалиқызына шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ