Бұл туралы Атырау қалалық мәслихат сессиясында шаһар басшысы Мейірім Қалауи айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде емес, мектепте оқуына жұмыстану қажеттігін алға тартты.
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуына төленетін жәрдемақы мөлшерін көбейтуге еш қарсылық жоқ. Тек бұл мәселені мұқият зерттеу керек. Бұл үшін қалалық мәслихат депутаттары кемінде осындай екі баланың үйіне барып, жағдайын қарап шықса жақсы болар еді. Егер барлығы 200 бала болса, онда 25 депутаттың аумағына он баладан келеді. Бұл жерде өндіріп алу сомасы бекітілуі керек. Яғни, қай бала нақты қайда қалай оқып жатқанын анықтап, тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Ос ыорайда, олардың ата-аналарымен де сөйлесу керек. Егер жүріп-тұру шығыны 18 мыңнан асатын болса, онда қажетті соманы ұсынған жөн. Ұсыныс қалай берілсе, сол бойынша жұмыс жасалады» деді М.Жоламанұлы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ