Жайық пен Қиғаш өзенінің 169 шақырымы тазартылды

Атырауда Жайық және Қиғаш өзендерінің арналарын тереңдету жұмыстарына 2017-2021 жылдары 6,9 млрд.теңге бөлінген, деп хабарлайды ATPress.kz.

Жайық өзенінің 43, Қиғаш өзенінің 126,   барлығы 169 шақырым тазартылған. Бұл туралы Атырау облысының 2020-24 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының 2021 жылдың қорытынды есебінде айтылды.

  Облыстық табиғи ресурстар және пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың айтуынша, республикалық бюджеттен Қиғаш өзенінің 243,5 шақырымына 15 млрд. теңге,  Жайық өзенінің 51,5 шақырымына 6,0 млрд. теңге  қаржы қарау көзделген. «Өзендердің тереңдету жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталып,  Жайық өзені бойынша республикалық бюджеттен  2,0 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Қиғаш өзені бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде» деді басқарма басшысы.