ҰЛТТЫҚ САНАҚ НАУҚАНЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Елімізде өткен ұлттық санақта елеулі еңбек еткен департамент басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ журналистер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиынға жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов   «Әрине, алғашында қиындықтар болғаны жасырын емес, дегенмен аймақ басшысының нақты тапсырмалары мен өздеріңіздің табанды еңбектеріңіздің арқасында аталған науқанды жақсы нәтижемен аяқтап отырмыз»,-деді.
Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева бұл бағытта уақытпен санаспай еңбек еткен азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге алғысын жеткізді.
Сонымен қатар, Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Шынар Елеусінова ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, аталған басқарма мен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жиынды қорытындылаған Н.Таушов Ұлттық валюта - теңге күнімен тұспа-тұс келетін Қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.