ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шарада Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев өңіріміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін саралап, ұлтымыздың ұлық мерекесі Егемендік алған күнімен құттықтады.
Сонымен қатар, шара барысында қаламыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан түрлі сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар берілді. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер және ұзақ жылдар бойы әкімдік саласында қажырлы қызмет еткен техникалық мамандар бар. Оларға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Халық алғысы», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдары және ҚР Құрмет грамоталары мен Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мерекелік жиында өңірдің дамуы туралы деректі фильм жиналғандар назарына ұсынылып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.