Мәншүк Мұқашева «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Журналист мамандарды дайындауда үлкен еңбек сіңіріп жүрген Мәншүк Мұқашева «Ақпарат саласының үздігі.

Төсбелгіні Қазақстан  Журналистер Одағының Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма Калусариева салтанатты түрде  табыстап, шығармашылық жетістіктер тіледі.

Мұқашева Мәншүк Тынышқалиқызы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық Еуразиялық Телерадио Академиясының академигі, 200-ге жуық ғылыми мақалалардың, бірнеше монографиялар мен оқулықтардың авторы, журналистика мамандығы бойынша модельдік бағдарламалардың авторы.

2016 жылдан бері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде  журналистика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етуде.

Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты,  «Ерен еңбегі үшін» медалі, Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы және  «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдыстығының Қайырымдылығы үшін «Сауап» төс белгісімен марапатталған.