Құпия құрылыс атыраулықтардың ашуына тиді

Биыл көктемде орталық көпірдің қасынан басталған жекеменшік құрылысқа қатысты облыс әкімі Серік Шәпкенов өз ойын білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның айтуынша, қызыл сызықтың үстінде жүріп жатқан заңсыз құрылыстың ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Бұл мәселе аймақ басшысының жеке бақылауында екен. Қазір аталған аумақта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Әкімдік пен жеке тұлға арасында сот үрдістері жүріп жатыр.

"Бұл – барып тұрған бассыздық! Біз құрылыстың жалғасуына жол бермейміз. Қажет болса, аталған учаскені де қайтарып аламыз. Кезінде Жайықтың жағасына коттедж үйлер салуға рұқсат берілгенде-ақ қаланың көркі бұзылған еді. Яғни, бұл құрылыс жүргізуге басқа жер табылмағандай әсер қалдырды. Жайқалған жасыл желек бір сәтте кесіліп, айналаның бәрі қоршалып шыға келді. Ал, бұл – тұрғындар серуендейтін жалғыз орын болатын" деді Серік Жамбылұлы жуырда ғана журналистермен еркін форматта өткізген баспасөз мәслихатында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ