"Геолог" шағынауданында футбол алаңы пайдалануға берілді

Өңірде спорт алаңдарын салу жұмыстары жалғасып жатыр. Осындай алаңдардың бірі  "Геолог" шағынауданында «Батыс Транзит» мекемесінің демеушілігімен пайдалануға берілді. Футбол алаңының құрылысы сәуір айында басталған.

Ашылу салтанатына қала әкімі Мейірім Қалауи қатысып, тұрғындарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

- Қаламызда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар кешені жалғасуда. 2022 жылы өңірде 100 ауланы абаттандыру жобасын бастаған болатынбыз. Биылғы жылы бұл жұмыстарды жалғастырудамыз. Қаланың барлық аумақтарында аулаларды жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл бюджет есебінен Геологтағы ескі футбол алаңдарын жөндеуді бастадық. Жалпы, қала шетіндегі ауылдық елдімекендерде 12 және жеке тұрғын үй секторларында 18 жаңа спорттық ойын алаңдары салынады, - деді қала әкімі.

Шара барысында жастардың болашағы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін игі шараларды қалалық әкімдікпен бірлесе атқарып жатырған кәсіпкерлерге қала әкімі Мейірім Қалауи өз ризашылығын білдіре отырып, тұрғындарға қолданысқа берілген футбол алаңын күтіп ұстау қажеттігін жеткізді.