Ескерту: Атырауда бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін

15 қаңтарда Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Синоптиктер облыстың оңтүстік-батысынан соққан желдің күші 15-20,  екпіні 23-28 м/с болады деп болжайды 
 Қала басында  да бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші — 15-20,  екпіні — 25 м/с.