Атыраудың тағы үш көшесінде жөндеу жұмыстары басталады

Атырауда А.Құнанбаев, Х.Берғалиев және Р.Қошқарбаев көшелерін жөндеу басталады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Құрылыс жұмыстары жүретін үш көшенің жалпы аумағы 2,7 шақырымды құрайды. Биыл осы аумақты жөндеу үшін ашық электронды конкурс жарияланған еді. Қазір мердігер деп танылған «Атырауинжстрой» мекемесімен келісім шарт жасақталып жатыр. Тиісті жұмыстар шілде айында басталады.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толығымен автокөлік жолының беткі қабаттары алынып, жаңаланады.  Сонымен қатар, жоба аясында граниттік жиектастарды орнату, жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА