Атырауды қар басуда: коммуналдық қызметтер жұмысқа кірісті

Атырауда «Арнайы автобаза» ЖШС жаяу жүргіншілер жолы мен жолдарды қардан тазартуға кірісті.

«Қала көшелеріндегі қарды шығару жұмыстары бүгін таңғы сағат 04.30-да басталды. Қазір қарды жинап, шығаруға 40-тан астам арнайы техника жұмылдырылған. Көшелер мен тротуарларды тазалауда барлығы 250 адам жұмыспен қамтылған. Тайманов, Сәтбаев, Владимирская, Студенттер даңғылы, Әбілқайыр хан көшелерінде де жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады «Арнайы автобаза» ЖШС.

Айтпақшы, ауа райы болжамы бойынша бүгін түстен кейін Атырауда күн райы сәл саябырсиды, тек шағын қар түйіршіктері ғана қылаулауы мүмкін, ал сағат 22.00-ден кейін жауған қар ертең таңға дейін жалғасады.