АТЫРАУДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Жыл басынан бері жұмыспен қамту мәселесі бойынша 8 005 жас өтініш білдірген. Оның 3 693-і ауыл жастары.

Өткен жылы өтініш білдіргендерді қоса есептегенде барлығы 9 432 адамға әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді. Нәтижесінде, 5 506-ы жас тұрақты жұмыспен қамтылып, 1 701 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 116-сы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Бұдан бөлек, Жастар практикасына 922 түлек жолданды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 401 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен оқуға жолдама алды. Сондай-ақ, өз кәсібін бастауға ниет білдірген жастар арасынан 39 адам несие алып, 155-і мемлекеттік грантқа ие болды. Ал, 543 адам қысқа мерзімді оқу-курстарынан өтті.

«Алғашқы жұмыс орным» жобасына 49 жас жолдама алып, тәжірибе жинақтауда.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді.