Атырауда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері марапатталды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара аталып өтті.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайындағы шарада облыс әкімінің орынбасары   Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің алғыс хаттарын  табыстады.
Салтанатты жиын Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жалғасын тауып, онда алғашқы құттықтау сөз департамент бастығы, әділет полковнигі Манарбек  Габдуллинге берілді. Ол мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған және жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер мен ардагерлерге ҚР Денсаулық сақтау,  Ішкі істер министрліктерінің, полиция департаменті  және қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастықтарының алғыс хаттары және мерекелік төс белгілерді табыстады.
Қылмыстық атқару жүйесінің құрметті ардагері Қази Дайров, «Халық алғысы» медалімен марапатталған 157/9 мекемесінің мейірбикесі Гүлнар Шабдарова,  «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен  мараптталған Майра  Метенова құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар ІІО бірқатар ардагерлері тұрғылықты мекен-жайларында департамент басшылығының марапатына ие болды.