Атырауда полиэтилен шығаратын газ-химия кешені салынады

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. "Атырау облысында екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі, полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің (KLPE ЖШС) құрылысы. Іске асыру кезеңі - 2023-2027 жылдар. 


Сондай-ақ бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша жоба ("Бутадиен"ЖШС). Іске асыру кезеңі - 2024-2025 жылдар", – деп хабарлады Махамбет Досмұхамбетов. 

Айта кету керек, бүгінде облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында,
Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы,
 KPI ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы,
 Газ өңдеу зауытының құрылысы ("GPC Investment"ЖШС) бар.