Атыраулық полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress.
8 мамыр күні сағат 16:40 шамасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының. қызметкерлері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі тасымалдаумен айналысқан 1993 жылы туған қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Ол күдіктіден политэилен пакетке оралған 4 дана орам синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ және тапанша тәркіленді.
Тұрақты мекенжайы бойынша тінту кезінде политэилен пакетке салынған ұнтақ пен ас үйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.