Облыс орталығында орын алған тәртіпсіздіктер кезінде полицейлер әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп, қорғаныс құралдарын тартып алған бұзақыларды құрықтады.
Бұл туралы ATPress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұсталғандардың бірі - бұрын психотроптық дәрі сатып алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған жергілікті 24 жастағы қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде үш оқ өтпейтін кеудеше тәркіленді. Ал, жаппай тәртіпсіздікке қатысты ұсталған 31 жастағы күдіктінің үйінен атыс қаруы табылған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.