Атырауда бір тәулікте 600-ге жуық адам Covid-19 жұқтырған

Аймақта коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекциясы бар 366 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 230 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.
Қазір 2063 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 32, модульдік ауруханада - 180, фтизиопульманологиялық орталықта - 18 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 40. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 395 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.