Құрманғазыда полицейлер 15 жасөспірімді ұстады

Ауданда «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мақсат – кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында аудандық полиция бөліміне барлығы 15 жасөспірім келтіріліп, барлығы 17  әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жасөспірімдердің бәрі де түні бойы ата-ана рұқсатынсыз сыртта уақыт өткізген.

"ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2,3 бөлігі («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде  сағат 23-тен таңғы сағат 06-ға дейін болуы»), ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына («ҚР Заңнамасының алкогольдік өнімдерін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу») қатысты құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар алынды. Тиісті мамандар мен ата-аналардың қатысуымен бірқатар мектептерде жиналыстар өткізілді. «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы кезінде кәмелетке толмағандармен жасалатын және оларға қарсы қылмыстарға жол берілген жоқ" дейді полиция майоры Т.Исаев.