Исатайда коммуналдық саладағы әйелдер марапатталды

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан орталығы Аққыстау ауылдық округі және Томан елді мекенінде коммуналдық қызметте еңбек ететін әйел адамдарды қабылдаған Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин қыз-келіншектерді құттықтады. Аудан басшысы бұл қызметте тынбай еңбек етіп жүрген қарапайым нәзік жандылардың еңбегін жоғары бағалап, дендеріне саулық, отбасыларының амандығын тіледі.

Сонымен қатар аудандық «Қамқор» қоғамдық қайырымдылық қорының демеушілігімен дайындалған азық-түлік алуға арналған 20 мың теңгелік сертификатты Аққыстау ауылдық округінен 7, Томан елді мекенінен 4 адамға табыс етті.

Іс-шара барысында аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.