Атырауда жұрттың жүрегін ауыртқан видео тарады...
Атырауда жазықсыз итті белгісіз біреулер жерге қағылған арматура теміріне акеліп қадаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы жергілікті кинолог Мамучар Карлович әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
"Байғұс жануарды медициналық көмек көрсетуге алып бара жатырмыз. Шұғыл әрекет етпесе, ол қан жоғалтып, өліп кетуі де мүмкін" деп жазды ол.
Бейнежазбаға қарағанда, оқиға ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектеп-гимназия ғимаратының артында орын алған.
Бұған қатысты облыстық полиция департаменті әзірге ресми ақпарат тарата қойған жоқ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ