ATPress.kz. 1 маусым. 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында бокстан Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған дәстүрлі XVIII халықаралық турнир өтті.
Бұл айтулы сайыста жерлесіміз, боксшы Бекболат Құрамысов жеңіске жетті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Бекболат төрт кездесу өткізіп, барлығында да айқын басымдылықпен ұтқан. Жалпы, халықаралық турнирге 100-ге жуық спортшы қатысыпты.
Атыраулық боксшы іріктеу сайыстарында Тараз бен Шығыс Қазақстан облыстарының боксшыларын ұтса, жартылай финалда алматылық спортшыны тізе бүктірген. Ал, ақтық сында Шымкент қаласынан келген боксшыны жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Бекболат Құрамысов 2017 жылы Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанған еді.
Айқара Ғұмар