АTPress.kz. 15 ақпан. Жанат Жақиянов Қазақстанның әуесқой спорт шебері және қазіргі таңда соққы берудегі ең жоғары ұпайды еншісіне алды. Елу үш келі салмақтағы қазақстандық АҚШ-тың Толедо қаласында өткен жекпе-жекте IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын енш
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин хабарлады.
- Жанатты 2000 жылдан бері жақсы білемін, ол ауылдан келіп, колледжге түсті. Ағасымен бірге өзінің жаттықтырушысы Александр Лебедевпен дайындалды. Ол өте еңбекқор жан. Осындай еңбектің арқасында 10 жыл бойы күткен чемпион атағына қол жеткізді. Жанат қарсыласы танымал әлемнің әуесқой чемпионы америкалық Роши Уорренмен кездесті. Жекпе-жекте 2 кездесуді артта қалдырып, Жанат өзінің үйреншікті кәсіпқой тәсілдерін уақытында жұмсап, қарсыласын жеңе білді, - деді Руслан Есеналин.
- Еліме жеңіспен оралғаныма қуаныштымын. Менің 10 апталық дайындығым Ұлыбританияда өткен жекпе-жекте қарсыласымды жеңуге үлкен септігін тигізді, - дейді спортшы тілшілерге берген сұхбатында.
Мереке Асанова