ATPress.kz. 28 мамыр. Құрманғазы ауданында жергілікті спортшылар слеті өтті.
«Додада топ жарған дүлдүлдер» атты слетке ҚР халықаралық дәржедегі спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Нұртілек Қонашев және ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бекболат Құрамысов арнайы қонақ ретінде қатысты.
Слет барысында Құрманғазы аудандық ІХ оқушылар спартакиадасында жалпыкомандалық есеппен жеңімпаз атанған Абай атындағы жалпы орта мектеп марапатталды. Екінші және үшінші орындар Гоголь атындағы жалпы орта мектеп пен Манаев атындағы жалпы орта мектепке бұйырды. Шара барысында гандбол, шахмат, президенттік көпсайыс, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарға түрлі марапаттар тапсырылып, спорттық жарыстарға демеушілік көрсетіп жүрген кәсіпкер Г. Болатбаеваға алғыс білдірілді.
Б. Уахитов