Сағыздық оқушылар волейболдан сынға түсті

ATPress.kz. 28 қараша. Сағыз ауылдық округіндегі дене шынықтыру және спорт кешенінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты волейболдан сайыс өтті. Жарысқа Сағыз ауылындағы №9 орта мектеп, Кенбай орта мектебі және Мұқыр орта мектебінің оқушылары қатысты.

Тартысты бәсекеде қыздар арасында  бірінші орынды №9 орта мектеп, екінші орынды Кенбай орта мектебі, үшінші орынды Мұқыр орта мектебі оқушылары жеңіп алды. Ұлдар арасында Кенбай орта мектебі бірінші орынды,  Мұқыр орта мектебі екінші орынды, №9 орта мектеп үшінші орынды иеленді.

Ойын барысында Аманбол Итеш пен Мейрамгүл Махмуд есімді оқушылар «Үздік ойыншы» атанды.

 

Лаура Нариманова