ATPress.kz. 5 желтоқсан. ҚР Прокуратурасының 26 жылдығына орай Құрманғазы аудандық спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші аяқ добынан аудандық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарлары Ж. Бектеміров, Ө. Тәжібаев, прокуратура саласының ардагері Ғ. Мүрсәлиев аудандық прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Аудан прокурорының міндетін атқарушы М. Рахимов саланың тарихын саралап, қол жеткен жетістіктерін айтып өтті.
Жарысқа жеті команда қатысуда.
Өз тілшіміз