Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын сынақтан өткізді.
Тексеріс барысында допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткендер анықталды, - деп хабарлайды ATPress.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Допинг анықталған спортшылар арасында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сон да бар. Толық тізім мынадай:
Абылай Әуелханов.
Игорь Сон.
Юлия Протасова.
Руфина Шалқарова.
Алексей Дроздов.
Матвей Макрушин.
Айтылған барлық спортшы - Алматы облысының өкілдері. Тексеріс 2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында жарыстан тыс допинг-бақылау шеңберінде жүргізілген.
"ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға тергеу жүргізуге ниетті", - делінген хабарламада.