ATPress.kz. 23 қараша. Индер аудандық балалар спорт мектебінің жас палуандары Ресей Федерациясының құрамына қарайтын Қалмақ еліндегі жарыстан олжалы оралды. Бұл - Қалмақияның астанасы Элиста қаласында КСРО спорт шебері Петр Какушкинді еске алуға арналған
Индерлік палуандар арасынан 85 келі салмақта Нұрхан Зинуллин бас жүлдені жеңіп алса, абсолюттік салмақ дәрежесінде де ол қарсыластарын талассыз жығып, алтын жүлдені жеңіп алды. Тіпті, Нұрхан жарыстың «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы байрағын да иеленді.
42 келіде Бауырбек Әбуов күміс, 50 келіде Әлихан Сансызбаев пен 76 келіде Нұрбол Жолдасов қола жүлдені иеленді. Ал, жас палуандардырдың бапкері Салауат Қыраубаевтың өзі жарыстың ең әділ төрешісі деген арнайы байрақ пен кубогына ие болды.
Саламат Базарбаев,
Индер ауданы