ATPress.kz. 24 мамыр күні Вьетнам елінің Хошимин қаласында паратаэквондодан ашық Азия чемпионаты жалауын көтерген еді.
Байрақты бәсекеде 75 келі салмақтағы жерлесіміз Нұрлан Домбаев чемпион атанды, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Алдымен Нұрлан жапониялық Тонака Мицуяны оңай ұтқан. Финалда Украинадан келген әлем және Еуропа чемпионы Антон Шветцті нокаутпен тізе бүктіріпті.
Айта кету керек, Нұрлан Домбаев 2017 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Бұл сайыста да ақтық сында аталған украиналық спортшыны ұпай санымен ұтқан.
Айқара Ғұмар