Индерлік оқушылар қысқы олимпиада қатысушыларына қолдау білдірді

ATPress.kz. 12 ақпан. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Индерде шаңғы жарысы өтті.

Индер ауданына қарасты барлық мектептерден 145 жас спортшы қатысқан шара жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Өткен жылы барлық мектептерге шаңғы мен коньки алынды. Басты мақсат – ауданда қысқы спорт түрлерін дамыту. Бүгінгі күнге дейін балалардың жаттығуына мүмкіндік болмады. Енді барлық мектепте өз командалары бар. Бүгін аудан тарихында алғаш рет қазақстандық олимпиадашыларды қолдау мақсатында сайыс өткіздік», - дейді Индер ауданының әкімі Серік Арыстан.

 

Бек Әзберген