Бүкілəлемдік қысқы Универсиада ойындары аяқталды

ATPress.kz. 8 ақпан. Алматыда өтіп жатқан 28 қысқы Универсиада ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі. Қазақстан құрамасы дүниежүзілік Универсиада-2017 ойындарының медальдар бәйгесінде екінші орынын сақтап қалды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Ресей құрамасы 29 алтын, 27 күміс, 15 қола медальмен көш бастаса, Қазақстан құрамасы 36 медальмен екінші орынға тұрақтады. Отандастарымыздың еншісінде 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль бар. Үздік үштікті 21 медальмен Корея спортшылары түйіндеп отыр. 

Айта кетейік, он бір күнге созылған Универсиада ойындарына әлемнің елуден астам елінен спортшылар қатысып, 85 алтын, сексен бес күміс және осындай қола медалды сарапқа салды. Универсиада-2017 ойындарында 25 елдің спортшылары жүлде алған.

Бүкілəлемдік ойындардың жабылу салтанаты бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де «Алматы Аренада» өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» мен «Хабар» арналары көрсетеді, деп күтілуде.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі