ATPress.kz. 5 мамыр. Атырауда 5 мамыр күні Х. Досмұхамедов атындағы университеттің стадионында қазақ күресінен «Атырау Барысы-2018» турнирі өтеді. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облысты
Ең ауқымды спорт шарасына айналған жарыста аудандық сайыстардан іріктелген үздік 16 палуан өзара белдеседі.
«Биылғы Атырау барысы турнирі өзгеше, жаңашыл форматта өтеді. Біз спорттық кешендердің ішінде болатын жарыстарды, әсіресе белдесу түрлерін көп көретінбіз. Бұл жолы ұлттық спортымызды ұлттық нақышта, ашық аспан аясында ерекше етіп ұйымдастыруды қолға алып отырмыз», - дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал жарыстың чемпионы атанып, «Атырау Барысы-2018» белбеуіне ие болған балуан және екінші, үшінші орын алған спортшылар республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алып, Атыраудың намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, «Қазақстан барысы» жобасы басталғалы бері атыраулық балуандардан ең үздік нәтижені «Жас қыран» атты лақап атымен танымал Арман Қалиев көрсеткен еді. Ол былтырғы бәсекеде үздік төрттікті түйіндеді.
Сонымен, «Атырау барысы-2018» турниріне қатысатын балуандарды таныстырып өтейік:
1. Алтынбек Зейнолла, Исатай ауданы, 105 кг. Лақап аты: Ағатай
2. Ерлан Нұрланов, Исатай ауданы, 100 кг. Лақап аты: Есентемір
3. Абылай Қазим, Индер ауданы, 110 кг. Лақап аты: Елтай барысы
4. Дулат Багенов, Индер ауданы, 90 кг. Лақап аты: Барыс
5. Ернұр Қажығалиев, Мақат ауданы, 135 кг. Лақап аты: Доссор барысы
6. Роллан Шакиев, Мақат ауданы, 90 кг. Лақап аты: Тәзіке адай
7. Ринат Лұқпанов, Махамбет ауданы, 95 кг
8. Нұржарас Байғабыл, Махамбет ауданы, 90 кг
9. Дастан Закаряев, Қызылқоға ауданы, 100 кг. Лақап аты: Есенғұл
10. Арман Қалиев, Қызылқоға ауданы, 100 кг. Лақап аты: Жас қыран
11. Нұрсұлтан Қапашев, Құрманғазы ауданы, 150 кг
12. Руслан Ізғали, Құрманғазы ауданы, 95 кг
13. Кенжебек Күзембаев, Жылыой ауданы, 140 кг. Лақап аты: Шағырай
14. Бекболат Салықов, Жылыой ауданы, 120 кг. Лақап аты: Тарлан
15. Абылай Амандық, Атырау қаласы, 100 кг
16. Дастан Бақтыбай, Атырау қаласы, 95 кг
«Атырау барысы-2018» турнирі 5 мамыр күні сағат 18.00-де басталатынын естеріңізге саламыз.
Айқара Ғұмар