АTPress.kz. 7 ақпан. Алматыда өтіп жатқан бүкіләлемдік Универсиада ойындары барысында атыраулық Денис Никиша Қазақстан қоржынына тағы бір медаль сыйлады, деп хабарлайды АTPress.kz тілшісі.
Шорт-тректен 1000 метрге жүгіруден ерлер арасында өткен жарыста Денис Никиша қола жүлдеге ие болды. Жарыс кезінде бір шақырым қашықтықты 1 минут 28.024 секундта бағындырған корей жігіті бірінші орынды қанжығаласа, 0.027 секунд кейін келген корей жігіті екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті 0.165 секундтан соң отандасымыз түйіндеп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені сыйлады.
Қазақстандықтар шорт-трек бойынша санаулы уақыттардан кейін эстафеталық жарыста бағын сынайтын болады.
Нұрбейбіт Нұғыманов