ATPress.kz. 4 маусым. Румыния астанасы Бухарест қаласында күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жарыс 30 мамыр мен 3 маусым аралығында болған. Нәтижесінде, атыраулық спортшылар айтулы додадан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншілеген.
«65 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Жалғасов қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Бекзат іріктеу кезеңдерінде Грузин мен Венгрия балуандарын ұтты. Ақтық кезеңде ирандық спортшының жауырынын жерге тигізді. Ал, 61 келіде Сырбаз Талғат қола, 71 келі салмақта Жастілек Шамарданов күміс жүлдегер атанды», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Айқара Ғұмар