Атырауда ұлттық спорттың үздіктері марапатталды

Атырау қаласында «Алтын тұғыр Атырау-2021» ұлттық спорт түрлерінің үздіктерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған марапаттау шарасы облыста алғаш рет өтіп отыр.


Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында болған марапаттау рәсімінде 28 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, «Алтын тұғыр Атырау-2021» сыйлығы табыс етілді.


    Салтанатты шарада басқа ұлттық спорт түрлерімен қатар «Құсбегілік», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Бәйге», және «Көкпар»  секілді ұлттық ойын үздіктеріне құрмет көрсетілді.

Шарада  ұлттық спортымызды насихаттауға атсалысқан 150-ге жуық марапат иелерінің арасында спортшы, бапкер, спорт жанашырлары мен ақпараттық серіктестер де бар.