Атырау ФК кезекті жеңісіне қол жеткізді

Футболдан ҚР чемпионатының 14 туры аясында «Атырау» мен «Ақжайық» командалары кездесті.

Атырауда өткен батыс дербиінде мұнайшылар басым түсті.

Бірінші таймның соңғы минуттарында есеп ашқан атыраулық Родионов, таблодағы есепті 1:0 етті.

Екінші таймның 13 минутында Брайан есепті еселеді.

14 ойыннан кейін «Атырау» ФК турнир кестесінде 21 ұпаймен 5 орынға көтерілді.