ATPress.kz. 19 наурыз. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабында отыз жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірді.
Жекпе-жекті екі босшы да сақ бастады. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар, бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Джейкбос те оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдеді. Ол 32 кездесу өткізіп, оның жиырма екісінде жеңіске жеткен.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабында 36 кездесуде жеңіске жетіп, бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген. Оның 33-ін уақытынан бұрын аяқтады.
Мереке Асанова