Жүргіншілер үшін қауіпті 29 жол өткелі бар

АTPress.kz. 24 мамыр. Қай жерге қосымша бағдаршам қажет? Атырау қаласының прокуратурасы қаладағы қауіпті деген жол өткелдерін суретке түсіріп, ақпарат беруге тұрғындарды да шақырды. Бүгінге дейін әлеуметтік желілердегі белсенді топтарда жарияланған осы ха

Нәтижесінде, Атырау қалалық прокуратурасы ішкі істер департаменті және қалалық әкімшілік мамандарымен бірлескен топ қалаішілік жолдарда жүргізушілер мен жүргіншілер үшін қауіпті саналатын 29 жол өткелін анықтады.  

Шараны ұйымдастыруға істен шыққан бағдаршамдар мен жүргіншілерге арналған жол белгілерінің көрінбей тал арасында қалып кетуі және осының салдарынан соңғы кезде жол-көлік оқиғасының көбеюі себеп болған. 

Атырау қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Ерлан Какиевтің айтуынша, тасада қалып кеткен жол белгілері мен үнемі жасыл түс жанып тұратын бағдаршамдар жаяу жүргіншілерге зардап шектіріп отыр.   

- Іс-шара 26 мамырға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта инстаграмдағы «zello_atyrau» парақшасында көптеген тұрғындар қауіпті жол өткелдері туралы айтып мәлімет беруде. Олардың пікірін күнделікті қарап отырмыз. Іс-шара аяқталысымен қауіпті деп танылған аймақтарға жол белгілерін орнату және жаңарту бойынша қала әкімдігіне тапсырма берілетін болады. Олар біз белгілеген шектеулі мерзім ішінде тапсырманы орындауға мүдделі, - деді прокурор.  

 

Мереке Асанова

Сурет forumnov.com сайтынан алынған