Жол-көлік оқиғасынан екі жүргізуші қаза тапты

ATPress.kz. 11 қыркүйек. Атырауда жол-көлік оқиғасынан екі жүргізуші қаза тапты. Қайғылы жағдай 9 қыркүйек күні таңғы жетіде Жылыой ауданының «Құлсары - Теңіз» жолында орын алған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Kia Rio» және «Toyota» маркалы автокөліктер бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан, екі көліктің де жүргізушілері, яғни 29 және 30 жастағы Жылыой ауданының тұрғындары, көз жұмыпты. Анықталған ақпарат бойынша, көліктерде жолаушылар болмаған. 

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 345 бабы, төртінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Айдос Қарабала

Фото pxhere.com сайтынан алынған