Жетімдер алтын ұрлаймын деп қолға түсті

ATPress.kz. 11 мамыр. Атырауда зергерлік дүкенді тонағандар ұсталды. Оқиға кеше сағат күндізгі 15.00 шамасында болған. Сәтпаев көшесінде орналасқан дүкенге үш адам келіп, сатушының көзін ала бере, неке сақиналары салынған қорапты қолды еткен. Мұны сатушыл

Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға болған күні кешке полицияға хабарлама түсіп, арнайы топ жедел іздестіру жұмыстарына кіріскен. Күдіктілер көп ұзамай құрықталды. Олар – интернатта тәрбиеленген, бүгінде Нұрсаяда тұратын апалы-інілі жетімдер болып шықты. Бірінің жасы 27-де, екіншісі 26 жаста.

Анықталған мәлімет бойынша, күдіктілер ұрланған 17 алтын неке сақинасының үшеуін сатып үлгерген. Ломбардқа өткізіп, 56 мың теңгені қалтасына басыпты.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188 бабы, 2 бөлігі бойынша іс қозғалды. Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде.

 

Айдос Қарабала

Фото: choosefootball.ru