АTPress.kz. 14 ақпан. Атырауда дүкендерге нан жеткізу кезінде санитарлық тазалықты сақтамаған ГАЗель автокөлігі тұрғындардың ызасын келтірді, - деп хабарлайды АTPress.kz тілшісі.
Қала көшелерінің бірімен нан тасып бара жатырған ГАЗель көлігін жүргізушілердің бірі таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Видеодан ГАЗельдің артына тиелген нанның беті жабусыз, ашық бара жатырғандығын байқауға болады. Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетіне ызасын білдіріп, жауапты мекемеге жеткізу керектігін айтуда.
Бұл жөнінде Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уаисовтан сұрап білген едік.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бұрын тамақ таситын көліктерге санитарлық эпидемологилық қорытынды алып, олардың барлық санитарлық талаптарға сай келетіндігін тексерістен өткізетін еді. Өткен жылдан бастап кәсіпкерлерді тексеру мен оларға қысым көрсетуді азайту мақсатында бұл қағида алынып тасталды. Сондықтан қазір біздер мұндай автокөліктерді тексермейміз, олар да бізден жүруге рұқсаттама алмайды, - деп жауап берді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Видео "Atyrau Auto Club" Фейсбуктегі парақшасынан алынды