Заңсыз ойынхана ашқан ресейлік сотталды

ATPress.kz. 5 ақпан. Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыпталған Ресей азаматына қатысты сот үкім шығарды.

«Өткен жылы күзде әшкере болған Атырау қаласының ортасындағы жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында құмар ойыны бизнесін заңсыз ұйымдастырған Ресей азаматы В. Гайтанжи екендігі анықталды. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға сотталды», - делінген Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетелік, астыртын ойынхана жабылған сәтте ғимараттан 68 мың доллар, 18 млн теңге, 360 мың Ресей рублі, сондай-ақ ойынға арналған жабдықтар мен фишкалар тәркіленген.

 

Бек Әзберген

Сурет: today.kz