ATPress. 4 мамыр. Атыраулық полицейлер заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Бұл «Бекіре-2017» акциясы аясында кешеден бері əшкере болған екінші заң бұзушылық.
Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз өнім Атырау қаласы тұрғынының «Тойота Эстима» маркалы жеке көлігінен табылған. Күдікті 1982 жылы туған азамат болып шықты. Ол 35 келіні құрайтын бекіре балығын жеке мақсатқа пайдалану үшін сатып алған.
Қазір Қылмыстық Кодекстің 339 бабы бойынша іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға өзге де тұлғалардың қатысы бар болуы мүмкін дейді.
Айдос Қарабала
Фото Facebook / ІІД Атырау