ATPress.kz. 6 маусым. Атырауда заңнама талабына сай келмейтін 37 орын анықталды. Яғни, жолдағы жиектастар (бордюр) мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түсіп-көтерілуге ыңғайсыз болған. Әсіресе, Сәтпаев, Құлманов және Балықшы ықшам аудандарындағы жиектастар бе
Бұл тақырып «Орталық Азия әйелдерінің халықаралық ассоциациясы» және Атырау қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел кезінде айтылды. Жиында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік объектілердің қол жетімсіздігі мен көшелерде еркін жүру жағдайы жасалмауы баяндалды.
Бүгінде бұл жұмысты үйлестіруді қала прокуратурасы өз мойнына алған. Енді қалалық әкімдік, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп, арнайы топ құрылады. Сөйтіп, әлеуметтік объектілерде стандарттарға сай келмейтін пандустар да жойылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта қалыптасатын болады.
Айдос Қарабала