Қайын атасын балағаттағаны үшін 3 тәулікке қамалды

ATPress.kz. 6 қыркүйек. Атырауда қайын атасын балағаттаған азамат 3 тәулікке қамалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Махамбет аудандық сотында қаралған.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот талқылауы барысында анықталғандай, құқық бұзушы Р. М. Махамбет ауылындағы үйіне масаң күйде келген. Кейін түскі тамақтану уақытында қайын атасы Б.Т-ны балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтыпты. Тіпті, ашу үстінде үйдегі барлық тұрмыстық заттарды сындырып, жанұя тыныштығын бұзған.

Осы орайда, сот тараптардың түсінігін тыңдап, істің мән-жайын толық зерттеді. Нәтижесінде, құқық бұзушы Р. М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-інші бабының, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, сот шешімі бойынша оған әкімшілік жаза ретінде 3 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы  заңды күшіне енген.

 

Айдос Қарабала