Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
15-17 наурыз аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында атыраулық патрульдік полицейлер қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бағытында қызмет атқаруда. Іс-шара барысында Атырау қаласының полиция басқармасының ЖБО-ның қызметкерлері және патрульдік полиция батальоны бірлесіп, айыппұлдарын төлемей жүрген борышкер санатындағы 2 автокөлікті анықтады. Мәселен, 17 наурыз күні Авангард ықшам ауданы тұсында маркасы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылған.Тексеру кезінде, 1992 ж.т жүргізушінің 604 300 теңгені құрайтын 31 айыппұлы бар екені белгілі болды. Ал, сол күні дәл сондай құқық бұзушылықпен И.Тайманов көшесі тұсында 1988 ж.т жүргізушінің басқаруындағы маркасы Skoda көлігінің 267 300 теңгені құрайтын 11 айыппұлы бар екені анықталып, автокөліктері арнаулы тұраққа қойылды. Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.