Маскүнемді мәжбүрлеп емделуге жіберді

ATPress.kz. 27 қаңтар. Отбасы мен қоғамға ойдай залалын тигізетін маскүнемдік мәселесі әлі өзектілігін жоя қойған жоқ. Тіпті, сондай «құрыққа» ілінгендерді мәжбүрлеп емдеуге тура келеді. Таяуда Индер аудандық сотында осындай мәселе қаралып, аудандық ортал

Екінші деңгейдегі маскүнемдік ауруымен ауыратын азаматты мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы арыз негізінде анықталғанындай, Б.Р. (аты-жөні өзгертілді - Ред.) есімді азамат қоғамдық орындарға масаң күйде жүргені үшін бірнеше рет жауаптылыққа тартылған болып шықты. Арызда өз еркімен ішімдік ішуін қоймайтынын, отбасының тыныштығын бұзып, алдағы уақытта қоғамға қауіп бар деген мінездеме берілген.

Соттың шешімімен аудандық орталық аурухананың арызы қанағаттандырылып, азамат 6 ай мерзімге Атырау қаласының наркология диспансерінің мәжбүрлеп емдеу бөлімшесіне емделуге жіберілді.

 

Өз тілшіміз,

Индер ауданы

Сурет: infox.ru