ATPress.kz. 14 қыркүйек. Атырауда мас күйінде көлік жүргізіп, полициямен жанжалдасқан азамат 20 тәулікке қамалды. Ол құқық қорғаушылардың заңды талабын орындамай, алкогольдік мас күйін куәландырудан бас тартқан.
Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған іс материалдары бойынша Т. есімді азамат «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен «Golden Palace» мейрамханасы тұсында жол жүру қағидасын бұзған. Кейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамай, полиция қызметкерлерінің алкогольдік куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамапты.
Сот қаулысымен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 613 бабының 7 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айдос Қарабала
Фото svidetel24.info сайтынан алынған