ATPress.kz. 26 қыркүйек. Атырауда марихуана сатқан азамат 2 жыл мерзімге сотталды. Қылмыстық іс қалалық №2 сотта қаралған.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің айтуынша, биылғы жылдың сәуір айында есірткі сатуды көздеп, оны заңсыз сақтаған азамат қала тұрғынына жалпы салмағы 0,8602 грамм болатын марихуананы 5 мың теңгеге өткізген.
Сот отырысында сотталушы мен оның қорғаушысы прокурормен кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасақтады.
Нәтижесінде, сотталушының жасы, бұрын қылмыс жасамағаны ескеріліп, Қылмыстық кодекстің 55 бабы бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айқара Ғұмар
Фото vinegret.cz сайтынан алынған