ATPress.kz. 20 қараша. Махамбет ауданында «Бекболатовтар» жеке кәсіпкерлігі жұмысшылардың еңбекақысын «жеп» кеткен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Махамбет ауданы бойынша ақпараттық-насихаттау тобының Ақтоғай а
Ақтоғай ауылының тұрғыны Г. Бақытжанованың айтуынша, мал өлексесін өртейтін орын құрылысын салған баласы Ақжол Құбашев үш айдан бері еңбекақысын ала алмай жүрген көрінеді. Айтуынша, ұлының жанында тағы да екі ауыл азаматы болған. Соңынан сұрастырып білгеніміздей, үш бірдей жұмысшының еңбегін «жеп» кеткен құрылыс мердігері «Бекболатовтар» жеке кәсіпкерлігі. Тапсырыс беруші Махамбет аудандық құрылыс бөлімінің басшысы А. Қуанғалиев азаматтармен арада «келісім-шарт жасалмаған» деп шарасыздық танытады. Сонда жұмысшының құқығын кім қорғайды? Осы сұрақтың түйінін құзырлы органдар тарқатуы тиіс.
Фамиля Қожанова
Махамбет ауданы