Көшеге тұрмыстық қалдық лақтырғаны үшін қамауға алынды

ATPress.kz. 15 қыркүйек. Атырау облысының Махамбет ауданында көшеге тұрмыстық қалдық лақтырған азамат қамауға алынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аудандық соттың отырысында қаралған.

Анықталғандай, құқық бұзушы азамат Махамбет ауылындағы Абай көшесінің бойына бір пакет тұрмыстық қалдық лақтырған. Яғни, қоғамдық орынды ластап, ұзақ бұзақылық әрекет жасапты.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен әкімшілік жаза ретінде бір тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

 

Айдос Қарабала

Фото kaluga24.tv сайтынан алынған